Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (11-0, 9 КО) келесі қарсыласы белгілі болды.
Бек 32 жастағы америкалық Джошуа Конлимен (17-6-1, 11 КО) айқасқа шығады. Суперорта салмақтағы айқас алты раундқа есептелген.
Бұл кездесу 14 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді. Ал кештің басты жекпе-жегінде екінші орта дивизионда WBC, WBA және WBO чемпионы Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) пен америкалық Эдгар Берланга (22-0, 17 КО) титулдырады сарапқа салады.