"Канело" өзін қорқақ деген Мейвезерге Головкин арқылы жауап берді

9 желтоқсан 2021 10:57
©Sports Illustrated

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) Флойд Мейвезер оның жетістігін көре алмайды деп пайымдады. Бұл туралы vRINGe.com хабарлап отыр.

Бірнеше күн бұрын америкалық боксшы "Канелоны" қорқақ деп атап, 2013 жылғы айқастарын "жеңіл серуен" деген болатын. 

"Міне Флойд "Канелоны" көре алмайтыны, сөздері неге ащы екені белгілі болды. "Канело" 31 жасында Флойдтың бүкіл карьерасынан артық жасады, ал бокстан кеткенде Мейвезерден әлдеқайда асып кетеді", - делінген хабарламада.

Твиттерде Альварес пен Мейвезердің статистикалық мәліметтерінің салыстырмалы кестесі жарияланды. Ал мексикалықтың ең маңызды айқасы ретінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жегі көрсетілген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар