Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) өзінің келесі қарсыласы Эдгар Берланга (22-0, 17 КО) туралы ойын айтты.
Канело - Берланга жекпе-жегі 14 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді.
Қасына қылмыскерлерді жиған боксшы Канелоны қатын деп атады
"Адам қобалжығанда көп сөйлей бастайды. Бұл нақты. Бұл жолы олай емес шығар деп үміттенемін, бірақ көбіне артық сөйлейтін адам, рингкте ештеңе істемейді. Мына жекпе-жек басқаша болады деген үмітім бар, қалай сөйлесе, солай жұдырықтасса екен. Дайын ба, жоқ па, көреміз енді", - деп береді Альварестің сөзін Badlefthook.com.