"Канело" өзін жұдырықтасуға шақырған жүк көлігі қаққандай ұратын UFC файтеріне жауап берді

© fightnews.ru
Орта салмақта WBC (Franchise), WBA (Super), екінші орта дивизионда WBA (Regular) және бірінші ауыр салмақта WBO чемпионы Сауль "Канело" Альварес америкалық UFC файтері Хорхе Масвидальдің айтқанына жауап берді, - деп хабарлайды IBTimes.com.

Мұның алдында, Масвидаль "Канелоны" бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шақырып, қолын сындырса да жеңетінін айтқан. 

"Әлемді дүр сілкіндірем". Соққысы жүк көлігі қаққанға тең файтер "Канеломен" жұдырықтасуға ниетті

"ММА-ге қатысым жоқ және Масвидаль де боксқа ешқалай жұғыспайды. ММА файтерлері рингке тек ақша үшін шығады, басқа себеп жоқ", - дейді Альварес.