Бокс
24 қаңтар 2024 13:32

Канело өзі үшін ең қауіпті қарсыласпен айқаспаса белбеуінен айырылатын болды

©boxingscene.com

Екінші орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Давид Бенавидестің (28-0, 24 КО) әкесі әрі бапкері Хосе Бенавидес атақты Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) оның ұлымен айқасудан сол күйі қаша беретінін айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Канело - Бенавидес айқасы болмайды-ау. Альварес үнемі сылтау іздеп қашып жүр. Ол Мунгия немесе Чарломен жұдырықтасқысы келеді. Давид атақты ешкіммен айқаспаған дейді, бар сылтауы сол. Канело мен оның команасы Давидтен аулақ жүру үшін барын салады". 

Хосе WBC ұйымының былтырғы Конгрессінде екі боксшының жекпе-жегі міндеттелгенін айтып, енді бұл талап орындалмағанда не болатынын көргісі келеді. 

"Канело өзін патша деп атап, ойына не келсе соны істеп жүр. Бокс ұйымдарына қатынасы да солай. Ұйымдар бәріне тең қатынаста болу керек. Давид - WBC белебуіне міндетті үміткер. Сауль Давидпен айқасуға келіспесе наруызда белбеуінен айырылу керек. Енді не болатынын көрейік", - деп береді Бенавидестің сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport