Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) америкалық Давид Бенавидеспен (27-0, 23 КО) жұдырықтасудан бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Белгілі инсайдер Майкл Бенсонның сөзінше, "Канело" мен Бенавидес жекпе-жегі өтпейді. Мұны Бенавидестің промоутері Сэмпсон Левкович де растады. Левковичтің айтуынша, "Канело" мен оның бапкері Эдди Рейносо қыркүйекте жұдырықтасу туралы ұсынысқа мүлде жауап бермей қойған.
Айта кетейік, дәл осы Бенавидес супер орта салмақта Альварес үшін ең қауіпті қарсылас саналады. Ол екінші орта дивизионда WBC ұйымының уақытша чемпионы.