"Канело" мен Сондерстің үш титул үшін жекпе-жегіне тікелей трансляция

Сурет: MMA Fighting

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) және британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) WBC, WBA Super, WBO титулдары сарапқа салынатын жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 8 мамыр Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. 

Қазақстан астанасының уақыты бойынша боксшылар рингте 9 мамыр таңғысын кездеседі. Қазақстан телеарналары бұл айқасты көрсетпейді, дегенмен, бокс сүйер қауым оны DAZN стриминг қызметінен тамашалай алады. Платформаға бір айға жазылу шамамен 800 теңгеден сәл асады.

Қолданушы тек трансляция ғана емес, өзге эксклюзив материалдармен таныса алады. Платформаға тіркеліп, жекпе-жекті мына жерден тамашалауға болады. 

Сонымен қоса, өзге де сілтемелер ашылуы мүмкін. Мәселен, мында. Қосымша трансляторлар пайда болған жағдайда Vesti.kz материалды толықтырады.