"Канело" мен Сондерс кездесуі қайда өтетіні белгілі болды

Сауль Альварес. Фото: instagram.com/canelo/

Екінші орта салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) пен осы дивизиондағы WBO белбеуінің иегері британдық   Билли Джо Сондерстің (30-0, 14 КО) кездесуі қайда өтетіні белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

talkSPORT британдық спорт сайтының редакторы Майкл Бенсонның айтуынша, бокс кеші 8 мамыр күні АҚШ-тың Техас штатындағы AT&T Stadium кешенінде өтеді. Сатылымға 70 000 билет түседі дейді редактор. Бұл пандемия басталғалы бері жиналғалы отырған ең үлкен аудитория болмақ. 

"Канело" түрік Авни Йылдырымды жеңгеннен кейін британдықпен жекпе-жегі туралы ресми ақпарат тараған еді. 8 мамырға жоспарланған бокс кешінде Альварестің WBA Super және WBC белбеулері мен Сондерстің WBO белбеуі бәске тігілетін болады. 

Жаңалықтар