"Канело" мен Калеб Плант қыркүйекте кездесуі мүмкін

сурет: getty images

Сауль Альварестің менеджері Эдди Хирн "Канело" супер орта салмақта IBF чемпионы Калеб Плантпен шығуға дайын деп есептейді.

"Бұл "Канело" Альвареске керек жекпе-жек. Ол, сөзсіз, үздіктердің үздігі болғысы келеді. "Канеломен" алдағы кездесуі жайында ақылдасамыз. Бокс кешін қыркүйек айында өткізуіміз мүмкін", - деді Хирн Boxing Scene басылымына берген сұхбатында.

8 мамырда Альварес Билли Джо Сондерспен WBO, WBA, The Ring және WBC белбеулеріне таласқан болатын. Нәтижесінде Сондерс жарақатына байланысты айқасты жалғастыра алмай, техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Метки:
Жаңалықтар