Бокс
4 мамыр 2025 22:13
 
Канело мен жеңілмеген кубалықтың айқасы жаңа абсолют чемпионды анықтады

  Пікірлер

blog.share

Канело мен жеңілмеген кубалықтың айқасы жаңа абсолют чемпионды анықтады ©Ready to Fight

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) мексикалық супержұлдыз Сауль Канело Альварестің (63-2-2, 39 KO) қатысуымен бокс кеші өтті. Әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте оның қарсыласы кәсіби рингте әлі жеңілмеген кубалық боксшы Вильям Скулл (23-1, 9 KO) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO белбеулерін иеленетін 34 жастағы мексикалық боксшы IBF титулына ие 32 жастағы кубалықпен жекпе-жекке шықты. 12 раундқа жоспарланған кездесу толық өтіп, Альварес төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті - 115-113, 116-112, 119-109.

Осылайша, Канело қатарынан алтыншы рет жеңіске жетті (бәрі — шешіммен), ал Скулл карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!