abYpEdf4QtwKVsz1XavamUZEsjXrPpIkIba5RGlY
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" мен Головкин төртінші рет жұдырықтасуы мүмкін - промоутер

"Канело" мен Головкин төртінші рет жұдырықтасуы мүмкін - промоутер
© НВО Boxing
Орта салмақтағы экс-чемпион Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер FightHype.com сайтына берген сұхбатында қазақстандық пен Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасында өтеді деген жекпе-жек туралы ойын айтты.

Осыған дейін боксшылар Лас-Вегаста жұдырықтасқан. 2017 жылы өткен бірінші жекпе-жекте олар тең нәтижемен аяқтаған. Ал бір жылдан соң қазақстандық боксшы карьерасында бірінші рет жеңіліс тапты. Сөйтіп WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды. Леффлердің сөзінше, олар рингте төртінші рет кездесуі мүмкін. Бірақ боксшылар әлі үшінші жекпе-жекті өткізу жайлы келіспеген.

Дегенмен, осыған дейін Головкиннің командасы үшінші кездесу өткізуге қызығушылық танытқан еді. Сондай-ақ промоутер орта салмақта мықты боксшылардың көп екенін алға тартып, олардың да Головкиннің қарсыласы атануы мүмкін екенін айтты.

"Орта дивизионда қазіргі уақытта мықты боксшылар көп. Олардың қатарында Дэнни Джейкобс та бар. Джейкобсты тек Сауль Альварес пен Геннадий Головкин жеңе алады. Сондықтан біздің тізімде Дэнни Джейкобс, Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло бар. Джарретт Херд та орта салмаққа көтерілсе біздің тізімге кіруі мүмкін. Меніңше, алдағы уақытта орта салмақта айтулы жекпе-жектер болады. Егер Альварес пен Головкиннің арасында төртінші жекпе-жек өтетін болса, мен таңғалмаймын", - деді Том Леффлер.

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл бокс кеші қазақстандықтың DAZN компаниясымен үшжылдық келісімшартының алғашқы жекпе-жегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама