"Канело" мен Головкин платформасы боксшылар гонорарын қиып тастамақ

DAZN стриминг қызметі коронавирус пандемиясына байланысты боксшылардың гонорарларын қысқартуы мүмкін, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

Платформаның иесі Леонард Блаватник (байлығы 25 миллиард доллар) DAZN USA бөлімін "саналы болуға" шақырған. Америкалық кеңсенің атқарушы директоры Джон Скиппер 20 мамырда өтетін барлық құрылымдармен видеоконференция кезінде жаңа жағдайдағы даму жоспарын ұсынбақ. 

"DAZN түрлі келісімшарттарды қайта қарауы әбден мүмкін. Бұл платформа қатынасын толықтай қамтиды - Matchroom промоутерлік компаниясынан бастап, жеке боксшыларға дейін", - деп жазады Boxingscene.com.

2018 жылы Matchroom басшысы Эдди Хирн DAZN платформасымен бір миллиард долларға сегіз жылдық келісімшартқа қол қойды, ол бойынша промоутер жылына 32 шоу өткізуі міндет. Осыдан кейін стриминг қызметіне орта салмақтың басты жұлдыздары қосылды - мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) 365 миллионға бес жылда 11 жекпе-жек өткізеді, ал қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) - 100 миллионға үш жылда алты жекпе-жек.
Жаңалықтар