Бокс
2 сәуір 2020 13:02

"Канело" мен Головкин жекпе-жектерін өткізетін DAZN платформасының басшысы коронавирус жұқтырған

Сурет: boxingscene.com
DAZN стриминг қызметінің атқарушы төрағасы Джон Скиппер короновируспен ауырғанын растады. Оның сөзінше, қазір ол індеттен толық сауығып, жұмысына оралды. 

Скипер өзін нашар сезінгендіктен 16наурызда тест тапсырған. Жедел тест оның COVID-19 жұқтырғанын көрсеткен. 

DAZN басшысы ауруханаға жатудан бас тартып, Нью-Йоркегі үйінде карантинде болған. Вируспен екі апта күресткен кейін 62 жастағы функционер толық айыққан.

Наурыз басында DAZN әлемнің 200 елінде трансляция жасайтынын құлақтандырған еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты барлық спорттық шаралар кейінге қалды.