"Канело" мен Головкин жекпе-жек алдында бетпе-бет келетін күн белгіленді

©Reuters

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдындағы пресс турының аясында өтетін бірінші баспасөз жиынының күні белгіленді, деп хабарлайды boxinginsider.com.

Мәлімет бойынша, бірінші баспасөз мәслихаты 24 маусым Лос-Андежелесте, ал екіншісі 27 маусым Нью-Йоркте өтеді. 

"Головкин бұрынғыдай көп жұдырықтаспайды, оның үстіне қартайып келеді, дегенмен, бұл айқас кеңінен жарнамаланатынына күмән жоқ. "Канелоның" өте талантты Биволдан жеңілуі Головкинмен үшінші айқасқа қызығушылықты арттыра түседі. Оның үстіне болашақта Бокс даңқының залына кіретін екі боксшы арасында нағыз жауластық болды. Екеуі бір-бірін жақтырмайды", - деп жазады мәлімет көзі. 

GGG мен "Канело" арасындағы трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар