Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) және орта дивизионда IBF және IBO титулына ие Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) үшінші айқастың келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
USA Today Sports+ басылымының мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. Ал жекпе-жек суперорта салмақ лимитінде (168 фунтов) өтеді. Бұл кездесуде Альварестің төрт белбеуі сарапқа салынады.
Боксшылар алдыңғы екі айқасы өткен Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады деп күтілуде.