"Жекпе-жек өтсе - Джейкобсты нокаутқа түсіремін, өйткені оның ойындарынан көптеген кемшілк көріп жүрмін. Оның хайпы ғана көп. Жоқ, бұл жігіт маған ұнайды, тек оны көпшілік ойлағаннан гөрі басқа деп есептеймін. Сондықтан оны нокаутқа түсіріп, "Канело" мен Головкин қолынан келмегенді жасаймын.
Екеуміз де Шығыс Жағалауданбыз. Ол Бруклин, ал мен Филадельфияданм. Сондықтан бір-бірімізді жақтырмасақ керек. Бірнеше жыл бұрын кездесу керек болатынбыз. Мен Питер Куиллинмен айқасып, оны жеңіп жатқанымда. Алайда жекпе-жекті дәрігер шешімімен тоқтатты. Ал Джейкобс жеңімпазбен жұдырықтасу керек еді", - дейді Росадо.