Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) және жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) Лас-Вегасқа келіп, көзарбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундтық бұл жекпе-жек 7 мамырда өтеді. Жартылай ауыр дивизиондағы кездесуде ресейлік боксшының белбеуі сарапқа салынады.
Бұл айқаста жеңіске жеткен жағдайда, "Канело" қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасады деп жоспарланған.