"Канело" мен Бивол жекпе-жегінің ең арзан билеті қанша тұратыны белгілі болды

©Reuters

Matchroom Boxing компаниясы екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) және жартылай ауыр салмақта WBA белбеуіне ие ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жектің билеттері қай күннен бастап сатылымға шығаратынын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек кеші 7 мамыр күні Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Компанияның мәлімдеуінше, билеттер 23 наурыздан бастап сатылымға шығады. Ал ең арзан билеттің құны 105 АҚШ долларынан басталады.

Еске салайық, Альварес жеңіске жеткен жағдайда қыркүйек айында Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасады. Ал Головкин болса 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында күншығыс елінің өкілі WBA белбеуінің "суперчемпионы" Риота Муратамен (16-2, 13 КО) айқасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport