Бокс
4 ақпан 15:02

Канело мен әлемдегі ең мықты боксшы келісімге келді

©x.com/Canelo

Екінші орта салмақта WBC, WBA Super және WBO чемпионы Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) және жартылай орта дивизионда WBA Super мен WBC титулына ие Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) жекпе-жек өткізу бойынша келісімге келді, деп жазады Vesti.kz.

The Ring мәліметінше, бұл айқас қыркүйек айында Лас-Вегаста өтеді, бокс кешінің нақты күні кейінірек белгілі болады. 

Әлемдегі ең мықты боксшы кім екені ашық айтылды

Кроуфордқа бұл жекпе-жек үшін бірден екі салмақ дәрежесіне көтерілуге тура келеді.

Альварес оған дейін 3 мамырда бір айқас өкізеді. Қарсылас әзірге таңдалған жоқ, ықтимал қарсыластар арасында IBF чемпионы Уильям Скулл бар екенін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport