"Канело" лагеріндегі қазақстандық нокаутшыға Лас-Вегастағы жекпе-жек үшін қанша төленетіні айтылды

Ертең, 17 маусымда жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Бобиржан Моминов (10-0, 8 КО) ұзақ үзілістен кейін алғашқы жекпе-жегін өткізеді. 

28 жастағы боксшы рингке Top Rank компаниясының 16 маусым Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтетін шоуы аясында шығады. Оның сегіз ранудтық жекпе-жектегі қарсыласы 26 жастағы америкалық Кэмерон Краел (17-15-3, 4 КО) болады.

Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) мәліметі бойынша, Моминов бұл жекпе-жек үшін алты мың доллар, ал қарсыласы екі мыңға көбірек гонорар алады екен. 

Кеше боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Моминовтың салмағы 152 фунт, ал Краел жеңілдеу тартты - 147,8 фунт.

Моминов кейінгі рет 23 наурыз АҚШ-тың Коста-Месе қаласында жұдырықтасып, жергілікті Джонатан Стилды (9-3-1, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.
Жаңалықтар