Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйек айында не себепті Геннадий Головкинмен айқас өткізетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Біздің қолымызда Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартымыз бар. Сондықтан шартты бұзбай, басталған істі аяғына дейін жеткізу керек. Бүгінгі таңда Головкин және Биволмен өтетін кездесулер бокс әлеміндегі ең қызықтылары болып тұр. Биволмен реванш па? Өкінішке қарай жеңілгенімді мойындаймын. Алдағы уақытта есемді қайтарамын. Маған бірінші кезекте қыркүйек айында рингке қайта оралғаным маңызды. Головкинмен өтетін жекпе-жегім алдағы күндері ресми хабарланатын болады", - деп жазады Yahoo! Sports Альварестің сөзін келтіріп.
Еске салайық, "Канело" мен Головкин алғаш рет 2017 жылы жұдырықтасып, тең есеппен тарқасты. Араға бір жыл салып екеуі қайта қолғап түйістіргенде мексикалықтың мерейі үстем болды. Екі айқас та Лас-Вегаста өткен еді. Бұл жолғы трилогияның өтетін жері де осы Лас-Вегас деген ақпарат бар.