sRBbTCU81vMiwzIXwf00ihEiO9DJlEiPxfbGEGT9
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" қыркүйекте Головкин орнына абсолют үшін жұдырықтаспақ

"Канело" қыркүйекте Головкин орнына абсолют үшін жұдырықтаспақ
Сауль Альварес. Сурет: DAZN
Орта салмақта WBC (Franchise), WBA (Super) және IBF чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қыркүйекте WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 KO) жұдырықтасуы мүмкін, - деп хабарлайды ESPN.

Ақпарат бойынша, Альварестің ісін жүргізетін Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес америкалық боксшының промоутері Эдди Хирнге бірнеше хабарлама жазып, артынша қоңырау шалған екен. Тараптар 14 қыркүйектегі жекпе-жек жайын талқылаған. 

"Эрик Гомес және Роберт Диаспен (матчмейкер Golden Boy) сөйлестім. Олар Деметриус қыркүйектегі жекпе-жекке бос па деп сұрады. Әрине, "Иә" деген жауап болды. Бұл абсолют чемпион титулы үшін жекпе-жек, Деметриус 100 пайызға дайын. Алдағы бір-екі күн жағдайдың қалай өрбитінін көрсетеді", - дейді Хирн.

Гомес басқа да мүмкіндіктер барын айтты, дегенмен, Хирнмен бұл мәселені талқылағанын да мойындады.

"Иә, Хирнмен және өзге де промоутерлермен келіссөз жүргіздім. "Канелоға" тағы бірнеше қарсылас бар. Бәрін қарастырамыз. "Канело" жақында шешімін айтар. Андрадемен жекпе-жек бізге қызықты", - дейді GBP басшысы.

Осы аптада "Канело" түрлі дивизиондағы екі боксшыға ұсыныс жасаған. Мексикалықтың ұсынысын бірінші орта салмақта WBO чемпионы отандасы Хайме Мунгия (33-0, 26 КО) қарастырып жатса, жартылай ауыр салмақта WBO титулының иегері Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) гонорардың төмендігіне байланысты ұсыныстан бас тартты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама