Әйгілі мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің (62-2-2, 39 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.
Сауд Арабиясының Ойын-сауық басқармасының бас төрағасы Турки Әл аш-Шейхтің әлеуметтік желідегі мәліметіне қарағанда, Канело алдағы айқасын 3 мамыр Эр-Риядта IBF чемпионы кубалық Уильям Скаллға (23-0, 9 КО) қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек жеңімпазы екінші орта салмақта абсолют чемпион атанады.
Месикалық боксшы жеңіске жетсе, қыркүйекте ол абсолют чемпион атағын тағы да сарапқа салмақ.