Бокс
4 қыркүйек 14:30

Канело Кроуфордтан "жеңілісіне" қатысты ойын айтты

©instagram.com/canelo

Мамыр айында екінші орта салмақтағы титул біріктіретін жекпе-жекте мексикалық Сауль Канело Альварес (63-2-2, 39 КО) кубалық Вильям Скуллды (23-1, 9 КО) ұпай санымен жеңген еді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дегенмен бұл айқас жанкүйерлер мен сарапшыларды екіұдай пікірде қалдырып, Канелоның сенімді болмағанын атап өтті.

Осыдан кейін америкалық Теренс Кроуфордтың (41-0, 31 КО) екі салмаққа көтеріліп, Канелоға қарсы жекпе-жекке шығатыны туралы сөз қозғалды. Тіпті амеркиалық боксшы мексикалықты жеңетіні де айтылуда. Бұл кездесу 13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Сауль Канело Кроуфордпен өтетін кездесутуралы пікір білдірді:

"Менің ойымша, Кроуфорд - қашып жүретін боксшы емес. Ол нағыз боксты көрсетеді. Бұл маған ұнайды. Бар назарым осы айқаста. Не боларын көре жатармыз. Ол менің соққы күшімді сезген сәттен бастап-ақ жекпе-жек сипаты өзгереді деп ойлаймын.

Қалай болатынын білмеймін. Ол өте мықты боксшы. Ақылды, тәртіпті, көп жетістікке жеткен. Мұндай жекпе-жектер - Мексика мен АҚШ арасындағы шайқастар - әрдайым ерекше үлкен оқиғаға айналатын. Бірақ бұл жолы бәрі мүлде басқаша болады деп ойлаймын. Оның әлін көреміз", - деп береді Канелоның сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport