Мексикалық Сауль Канело Альварес (63-3-2, 39 KO) америкалық Терренс Кроуфордтан (42-0, 31 KO) жеңіліп, екінші орта салмақта абсолют чемпион атағынан айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектен кейін Канело өз әсерімен бөлісті. Ол кездесудің басты фавориті саналған болатын, өйткені Кроуфорд бұл айқас үшін екі салмақ дәрежесіне көтерілген еді.
"Өзімді керемет сезініп тұрмын. Ең алдымен мені қолдауға келген және әрдайым жанымда болған барша жанкүйерлерге алғыс айтамын. Мен жеңімпазбын, өйткені осындамын. Мұнда жеңіліс жоқ. Мен карьерамда бәріне қол жеткіздім. Бұл жекпе-жекке тәуекел етуге келіп, солай жасадым да.
Кроуфорд өте мықты әрі тәжірибелі боксшы. Әрине, ол құрметке лайықты", - деп береді Канелоның сөзін The Ring.
Айта кетейік, 19 жылдық кәсіпқой карьерасында Сауль Альваресті жеңген үш боксшы бар: Флойд Мейвезер, Дмитрий Бивол және енді Терренс Кроуфорд.
Жарнама