Альварестің ойынша, мұндай қадам оған мықты қарсыластар таңдауға септеседі, өйткені WBO белбеуді үнемі сарапқа салады. Ұйым босаған белбеу үшін кім жұдырықтасатынын әлі хабарлаған жоқ.
Альварес WBO титулын 2 қарашада ресейлік Сергей Ковалевті (34-4-1, 29 КО) нокаутпен жеңіп иеленген. Осылайша, ол карьерасында төртінші дивизионды бағындырған еді.
Қазір мексикалықта орта салмақта WBC (Franchise) мен WBA (Super) және екінші орта дивизиондағы WBA (Regular) белбеулері бар. Мұның алдында "Канело" бір рет те қорғамаған WBA (Regular) белбеуін босататыны айтылған, алайда, әзірге олай бола қоған жоқ.