"Канело" командасы Головкинмен жекпе-жектің шешуші шартын атады

Сурет: BoxingScene.com
Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және орта дивизионда IBF пен IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1. 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл өтуі мүмкін, алайда, соңғы сөз мексикалықтың еншісінде. Бұл туралы Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мәлімдеді. 

"Біз барлық жағдайды қарастыруымыз қажет, айтқанымдай, бәрі "Канелоға" байланысты. Оған бар мүмкіндіктерді ұсынамыз, сосын ол шешім қабылдайды. 

Трилогия - барлығы көргісі келетін жекпе-жек екенін білемін. Кем дегенде жанкүйерлер үшінші айқасты тамашалағы келетінін білдірді. Алдыңғы екеуі жақсы өтті. Дегенмен бәрі "Канелоның" не істегісі келетініне байланысты. Біздің тараптан түрлі жоспар ұсыну, ал таңдайтын ол", - дейді Гомес DAZN-мен сұхбатында.