Бокс
Бүгін 10:12

Канело қазіргі таңдағы ең мықты бес боксшыны атады

©x.com/Turki_alalshikh

Әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес DAZN арнасына берген сұхбатында салмақ дәрежесіне қарамастан, қазіргі заманның үздік бес боксшысын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшының тізіміне украиналық Александр Усик, жапониялық Наоя Иноуэ, ресейлік Дмитрий Бивол, сондай-ақ америкалық Шакур Стивенсон мен Джервонта Дэвис енді.

Альварес қазіргі таңда әлемдегі табысы ең жоғары боксшылардың бірі саналады. Ол жартылай орта, бірінші орта, орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде өнер көрсетті. Мексикалық The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемнің үздік боксшысы атанған. Сондай-ақ ол екінші орта салмақта абсолют чемпион болған.

Қазақстандық жанкүйерлер Альваресті Геннадий Головкинмен өткізген трилогиясы арқылы жақсы біледі. Екі боксшы 2017, 2018 және 2022 жылдары кездесті. Алғашқы жекпе-жек даулы тең нәтижемен аяқталса, кейінгі екі кездесуде мексикалық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport