"Канело" Қазақстанға келуге келісті

©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға қонақ болып келуі мүмкін. Әйгілі боксшыны елде жыл соңында өтетін бокс кешіне шақырыпты, деп хабарлайды Vesti.kz

Инсайдерлік ақпарат бойынша, Альварес күзде Алматы немесе Астанада өтетін бокс кешіне шақырту алды, оның шеңберінде боксшымен жанкүйерлерінің кездесуі де жоспарланған екен. Бұған мексикалық боксшы алдын ала келісім берген көрінеді.  

Альварес келесі жекпе-жегін 30 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізеді. Қарсыласы – бірінші орта салмақтағы абсолют чемпион америкалық Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО).

Айта кетейік, "Канело" қазақстандық Геннадий Головкинмен үш жекпе-жек өткізген. Біріншісі тең аяқталса, кейінгі екеуінде төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар