Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Лас-Вегаста орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы 15 қыркүйекте өтетін қарымта жекпе-жегіне арналған қорытынды баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл боксшылардың басы қосылған алғашқы шара еді. Қарымта жекпе-жек алдында Альварес допинг дауына қатысты айтылған сөздерден кейін Головкинмен бірге шара өткізгісі келмеген.
Қорытынды баспасөз мәслихатында Головкин мен Альваресті сахнаға шақырды, алайда, мексикалық қарсыласына жақындағысы келмеді. Осыған байланысты жиналғандар дәстүрлі көз арбасуды тамашалай алмады. "Канело" қазақстандықтың көзіне тек рингте ғана қарамақ сияқты.
Жарнама