Бокс
4 маусым 13:36
 

Канело карьерасын аяқтауға қатысты нақты шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

Канело карьерасын аяқтауға қатысты нақты шешім қабылдады ©boxingscene.com

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 KO) кәсіпқой боксшы карьерасын 37 жасында аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 KO) кәсіпқой боксшы карьерасын 37 жасында аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл Канелоның соңғы сөзі екен

Оның айтуынша, карьерасының қалған бөлігін Альвврес Сауд Арабиясының ұлттық Riyadh Season мен The Ring брендіне иелік ететін Турки Әл аш-Шейхпен бірлесіп өткізуді көздеп отыр.

"Турки Әл аш-Шейх - мен карьерамды нақты осы адаммен бірге аяқтаймын, Денсаулығым жақсы, мен әлі бірнеше жыл айқаса аламын. 37 жас - менің бокстан кеткім келетін уақыт, бокстың өзі мәжбүр етпей тұрып. Карьерамды ақша үшін немесе жетістік үшін жалғастырудың қажеті жоқ. Мен 37-де кетемін деп айттым - солай істеймін", - деді Альварес No Golf No Life гольф турниріне арналған баспасөз мәслихатында.

Ақпанда Канело Riyadh Season брендімен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойған болатын. Мамыр айындағы алғашқы айқаста ол Уильям Скуллды жеңіп, абсолют атағын қайтарып алды.

34 жастағы мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін 12 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізеді. Оның қарсыласы — екі салмақта абсолют чемпион болған Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO).


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!