auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" қанша төледі дейді". Йылдырымның бапкері түркиялықтар оны өлтіреміз деп отырғанын мәлімдеді

"Канело" қанша төледі дейді". Йылдырымның бапкері түркиялықтар оны өлтіреміз деп отырғанын мәлімдеді
Сурет: Matchroom Boxing©

Бапкер Джоэл Диас Boxingscene.com порталына берген сұхбатында қоластында жаттығатын Авни Йылдырым (21-3, 12 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (55-1-2, 37 КО) нокаутпен жеңілгеннен кейін түркиялық жанкүйерлер қоқан-лоққы көрсете бастағанын мәлімдеді

АҚШ-та өткен жекпе-жекте "Канело" қарсыласын үшінші раундта кезекті нокдаунға түсірді, осыдан кейін Йылдырым төртінші раундқа шығудан бас тартты.

"Түркиядағы адамдар мені өлтіреміз деп хабарлама жазады. Мен Йылдырымды сатты деп отыр - оны жақсырақ ету орнына дағдыларын нашарлатып жіберіппін-мыс. Олар менен "Канело" боксшыны осындай күйге жеткізгенім үшін қанша төледі деп сұрайды. Олар: "Сен - мексикалықсың, "Канело" да Мексикадан, сондықтан осындайға бару үшін ол саған бірнеше миллион доллар бергенін білеміз" дейді. 

Мен сатылмаймын. Егер боксшым жеңіп жатса, менің де жеңгенім. Адамдар: "мына жігіт тамаша жекпе-жек көрсетті, ол Джоэлде жаттығады ғой!" дегенін қалаймын. Боксшы жаттығу лагерінде еңбектенген дүниенің ешбірін, нұсқауларды орындамағанына мен кінәлі емеспін. 

Ол (Йылдырым) отандастарының үмітін ақтай алмағанын түсінді, енді Түркияға оралғысы келмейді. Ол жуынатын бөлмеде жылап алған", - дейді бапкер. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама