"Канело" қанша төледі дейді". Йылдырымның бапкері түркиялықтар оны өлтіреміз деп отырғанын мәлімдеді
Бапкер Джоэл Диас Boxingscene.com порталына берген сұхбатында қоластында жаттығатын Авни Йылдырым (21-3, 12 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (55-1-2, 37 КО) нокаутпен жеңілгеннен кейін түркиялық жанкүйерлер қоқан-лоққы көрсете бастағанын мәлімдеді

АҚШ-та өткен жекпе-жекте "Канело" қарсыласын үшінші раундта кезекті нокдаунға түсірді, осыдан кейін Йылдырым төртінші раундқа шығудан бас тартты.
"Түркиядағы адамдар мені өлтіреміз деп хабарлама жазады. Мен Йылдырымды сатты деп отыр - оны жақсырақ ету орнына дағдыларын нашарлатып жіберіппін-мыс. Олар менен "Канело" боксшыны осындай күйге жеткізгенім үшін қанша төледі деп сұрайды. Олар: "Сен - мексикалықсың, "Канело" да Мексикадан, сондықтан осындайға бару үшін ол саған бірнеше миллион доллар бергенін білеміз" дейді.
Мен сатылмаймын. Егер боксшым жеңіп жатса, менің де жеңгенім. Адамдар: "мына жігіт тамаша жекпе-жек көрсетті, ол Джоэлде жаттығады ғой!" дегенін қалаймын. Боксшы жаттығу лагерінде еңбектенген дүниенің ешбірін, нұсқауларды орындамағанына мен кінәлі емеспін.
Ол (Йылдырым) отандастарының үмітін ақтай алмағанын түсінді, енді Түркияға оралғысы келмейді. Ол жуынатын бөлмеде жылап алған", - дейді бапкер.
Жарнама