Бокс
Бүгін 21:47

Канело жеңілмеген чемпионнан белбеуін тартып алды

©Видеодан кадр

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль Канело Альварес (64-3-2, 39 KO) франциялық Кристиан Мбиллиді (29-1-1, 24 KO) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 раунд толық өткен жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталып, ортақ шешіммен Канело жеңіске жетті - 116:111, 117:110, 115:112.

Осы жеңісінің арқасында Альварес Мбиллиден екінші орта салмақтағы WBC чемпионы атағын тартып алды.

Айта кетейік, "Канело" жекпе-жек тактикасын сауатты құрып, қарсыласына айқастың барысын өзгертуге мүмкіндік бермеді. Ал Мбилли бір бағытта шабуылдаумен шектелді. Франциялықтың мұндай әрекеті жұлдызды қарсыласының рингте сенімді қимылдап, өзіне тән шабуылдау мәнерін көрсетуіне жағдай жасады.

Нәтижесінде Канело карьерасындағы 64-жеңісіне жетті. Сонымен бірге, оның рекордында үш жеңіліс пен екі тең нәтиже бар. Ал Мбилли кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліп, бұған дейін ол 29 рет жеңіске жетіп, бір тең түскен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport