"Канело" жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасатын қазақ боксшы АҚШ-та жаттығуын бастады

26 қыркүйек 2019 14:32
© allboxing.ru
Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтановтың (11-0, 8 KO) келесі жекпе-жегінде жұдырықтасатын қарсыласының есімі келесі аптада белгілі болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы Нұрсұлтанов Лас-Вегастағы MGM Grand аренасының бокс кешінде өнер көрсетеді. Әзірге оның қарсыласы белгісіз.

"Келіссөздер өтіп жатыр. Келесі аптада бәрі белгілі болатын шығар. Қазір АҚШ-тамын, Лос-Анджелесте жаттығып жатырмын. Нортриджде Бадди МакГриттің залына барып жүрмін. Ешқандай жарақат жоқ", - дейді боксшы. 

Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) жартылай ауыр салмақта ресейлікке тиесілі WBO белбеуі үшін жұдырықтасады. Ковалев пен Нұрсұлтановтың ісін белгілі америкалық менеджер Эгис Климас және Main Events промоутерлік компаниясы жүргізеді.

Соңғы рет Мейірім тамызда Челябіде Ковалевтің андеркартында жұдырықтасып, Артур Осиповті (15-2, 10 КО) жеңген.