Канело Жәнібектен қашып жүрген чемпионмен айқасады

©instagram.com/canelo

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес келесі жекпе-жегін 4 мамыр Лас-Вегаста өткізеді, деп жазады Vesti.kz.

Thesportster.com мәліметінше, Канело келесі жекпе-жегінің уақытын растады, ал оның қарсыласы орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло болады. 

Еске салайық, Альварес 2023 жылы қыркүйекте, Джермаллдың бірінші орта салмақта өнер көрсететін егізі Джермелл Чарломен айқасып, оны анық жеңген болатын. 

Айта кетейік, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы осыған дейін Джермалл Чарлоны бірнеше рет жекпе-жекке шақырған еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар