auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канело" Головкиннің мықтылығын мойындады және Джейкобспен салыстыру жасады

Мексикалық GGG-ден тартып алған белбеулерін алғаш қорғайды.

"Канело" Головкиннің мықтылығын мойындады және Джейкобспен салыстыру жасады
© xsport.ua
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобс пен қазақстандық Геннадий Головкиннің стильдерін салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2017 жылдың қыркүйегінде Головкин - Альварес жекпе-жегі тең аяқталып, бұл нәтиже бокс әлемінде үлкен шу шығарған болатын. 12 айдан кейін төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Бұл қазақстандық боксшының карьерасындағы алғашқы жеңіліс болатын, ол соның салдарынан WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.

Альварес Головкиннен тартып алған титулдарын 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте қорғайды. Мексикалықтың айтуынша, ол америкалық боксшының кез келген стиліне дайын.

"Мығым боксшылар немесе қиын боксшылар болады. Джейкобста аз-аздан екі стиль де бар. Ол әрі мығым, әрі қиын. Головкин - тек алға ұмтылатын өте мықты боксшы, бұл жекпе-жекте үлкен қиындық туғызады. Бірақ олардың стильдері әртүрлі.

Бізді ауыр жекпе-жек күтіп тұр, себебі Джейкобста қажетті менталитет бар. Мені қуантатыны - ол бәріне дайын. Кез келген тосқауылды бұзып өтетін табанды боксшымен жақсы жекпе-жек өтеді. Мамырда жақсы қарсыласпен жұдырықтасатыныма қуаныштымын, менің әр жекпе-жектен қалайтыным - осы.

Ол - рингті кез келген боксшыға қарсы пайдалана біледі. Бойшаң, күшті, жылдам. Бірақ ол маған қарсы қалай жұдырықтасайын деп жүргенін білмеймін. Менің нақты айта алатыным - біз оның кез келген стиліне дайынбыз.

Біз жүз пайызға жаттығып, қажетті күні толық дайын боламыз. Бұл ауыр кеш болатыны белгілі. Мұндай деңгейде сен кез келген стильге дайын болуың керек", - деді Альварес.

Айта кетейік, Джейкобс та Головкинмен жекпе-жек өткізген еді. 2017 жылы наурызда қазақстандық боксшы оны төрешілер шешімімен жеңген. Джейкобс бір рет нокдаунға түскенімен, GGG-ге қарсы 12 раундқа шыдаған алғашы боксшы атанды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар