Бокс
27 маусым 2022 10:25

"Канело" Головкиннің әлсіз қасрылас таңдайтынын бетіне басты

©Тұрар Қазанғапов

Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) 2018 жылдан бері нашар қарсыластар таңдап келеді деп сын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді. 

"Мен ең мықты боксшылармен айқасып жүрдім. Үшінші айқасты ұйымдастыру созылып кеткені осы себеп. Әрине ол трилогияны қалады. Оған соңғы чек қажет.

GGG-мен жекпе-жектен кейінгі менің қарсыластарыма және онікіне қараңыздар. Ол мені қашып, тығылып жүр деп үнемі айтатын. Мен тек мықтылармен жұдырықтастым, ал ол - екі саты төмен қарсыластармен шығып жүрді", - дейді Альварес. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport