2 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына белгіленген жекпе-жек бойынша келісімге келіп, бүгін, 17 наурыз Лос-Анджелесте бірінші баспасөз мәслихатын өткізбек болған.
BoxingScene ақпаратынша, Альварес - Сондерс кездесуі маусымға немесе одан кейінге шегерілді. Дегенмен ешкім нақты болжам жасай алмай отыр.
Ал бокс кешінің қатысушылары мен қонақтары жайғасу керек болған MGM Resorts International кешені бүгіннен кемі 1 мамырға дейін ешкімді қабылдамайтынын хабарлады.
DAZN жоспары бойынша, "Канело" қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) өткізуі міндет.