"Канело" Головкинмен не үшін жұдырықтасатынын айтты

©MARCA

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) алдағы жекпе-жектерінің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

Әшкере болды. Америкалық басылым "Канелоның" өтірігін ашты

- Биволмен айқас мұраңыз үшін қандай маңызға ие?

- Бұл жекпе-жек мұрам үшін өте маңызды. Бивол - 79,4 келіде белгілі чемпион. Басымда бір ой бар - жартылай ауыр дивизионда абсолют чемпион атану. Неге болмасқа?

- Головкинмен айқас - жанкүйерлердің қалауы дегенсіз. Демек сіз өз қалауыңызбен ғана емес, жанкүйерлер көргісі келетін жекпе-жектер де ұйымдастырасыз ба?

- Әрдайым адамдар көргісі келетін айқастарға шығамын. Иә, бұл маңызды. Бокста сол үшін жүрміз. Сен адамдар үшін жұдырықтасасың, сондықтан, адамдар белгілі бір жекпе-жекті тамашалағысы келсе - бұл маңызды. 

"Канело" ең қауіпті қарсыласын атады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар