"Канело" Головкинмен қарымта алдында сотта жеңіп шықты
Сауль "Канело" Альварес. Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвварес (49-1-2, 34 КО) сотта жеңіп шықты, - деп хабарлайды vRINGe.com.
"2017 жылы шілдеде сот Альваресті бұрынғы промоутері Феликс Сабаланың (All Star Boxing) пайдасына 8,5 миллион доллар төлеуге міндеттеген болатын. Бұған келіспеген боксшы апелляцияға беріп, сотта жеңіп шықты. Майами штатының соты Альварес промоутерге миллиондаған қаржы қарыз емес деген шешім шығарды. Төленетін сомма айтарлықтай азайды.
Сот шешімі бойынша, мұның алдындағы шешім деректерге емес, "манипуляция мен спекуляцияға" негізделген екен. Боксшының промоутерге нақты қанша төлейтіні жақында белгілі болады.
Компания боксшыға 9 жекпе-жек және теледидардағы көрсетілімдерді ұйымдстырып берген. Альварес компаниядан өз бетінше кетіп қалып, Golden Boy Рromotions компаниясына қосылған. Альварестің сөзінше, Сабаламен ешқандай келісім болмаған. Ал оның адвокаты All Star 50 мың доллар шығынды ғана дәлелдей алады, яғни, Альварестің промоутерге қарызы бұл соммадан аспау керек дейді.
Сабала мен Альварес арасындағы сот жетінші жылға созылды. 2016 жылы сот GBP компаниясына ешқандай шағым жоқ, іс тек боксшы мен All Star Boxing арасында ғана деген шешім шығарған.
Альварес 8,5 миллион доллар төлеу керек деген шешімді сотқа жиналғандар алқасы қабылдаған. Бұл сомма All Star компаниясының нақты шығыны емес, Альварес ары қарай жұдырықтасқанда, компания көруі мүмкін табыс мөлшері еді", - деп жазады vRINGe.com.

Жарнама