"Канело" Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты
Сурет: boxingscene.com
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізуі мүмкін. Бұл туралы LA Times газетіне берген сұхбатында мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо айтып берді.
Кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында "Канело" төрешілер шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жеңіп, одан IBF белбеуін тартып алды.
Бұл жекпе-жекті Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) де тамашалады.
Алайда жекпе-жектен кейін Альварес баспасөз мәслихаты кезінде Головкиннің атын да атамады. Ал оың бапкері боксшы рингке қыркүйекте, Мексиканың тәуелсіздік күні рингке оралып, қайтадан T-Mobile аренасында жұдырықтасады деген ойда. Рейносо қарсылас Головкин бола ма деген сұраққа "жоқ" деп жауап берді.
"Менің мақсатым - титулдар үшін жұдырықтасу", - деп қостады бапкерінің сөзін Альварес. Абсолют атану үшін соңғы WBO белбеуі Деметриус Андрадеде екенін атап өткен мексикалық, онымен қыркүйек ортасынада жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

Жарнама