Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн екінші орта дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварестің 2022 жылға толық жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
7 мамырда Альварес реселік Дмитрий Биволмен айқасады, ал қыркүйекте Геннадий Головкинмен трилогия өткізуі ықтимал.
"Сауль желтоқсанда Лондонда жұдырықтасқысы келеді. Суперорта және жартылай ауыр салмақта міндетті қарсыластар бар: Джон Райдер немесе Джошуа Буатси - Крэйг Ричардс жекпе-жегінің жеңімпазы.
Ал Дмитрий Биволмен кездесуге қатысты айтсақ, қазір ол нақ бабында. Ол жас, үлкен жеңіске құлшынысы бар және Саульден ірі, бірақ, "Канело" - нағыз патша", - деп береді Хирннің сөзін talkSPORT.