"Канело" Головкинмен айқаста қандай белбеулерін сарапқа салатыны белгілі болды

©newsmma

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін супер орта салмақта қандай белбеулерін сарапқа салатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Альварес келесі жекпе-жегін Головкинге қарсы өткізетіндігін анық аңғартты. Осылайша, ол Биволмен болатын реваншты кейінге қалдырып отыр. "Канело" супер орта салмаққа қайта оралып, WBA, WBC, IBF және WBO тұжырымдары бойынша барлық белбеуін бәске тігеді. Бұл айқас 17 қыркүйекте өтеді", - деп жазды инсайдер Майкл Бенсон.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар