Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшініш айқас алдында қиын спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мексикалық боксшы жартылай ауыр салмақтағы "Америкалық перғауын" лақап атты Ахмед Эльбиалимен (22-1, 18 КО) спарринг өткізді. Тегі мысырлық боксшы Альваресті тықсырып, қорғануға мәжбүр етті.
Видеоны Эльбиали әлеуметтік желіде жариялап: "Спарринг серік болма, чемпион бол" деп жазыпты.