Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жекпе-жек алдында вегетариандық астан бас тартқаны жайлы айтты, деп хабарлайды us.as.com.
"Канело" вегетариандықпен қоса, вегандық тамақтанудан да бас тартып, қайтадан ет жеуге көшкен. Бұл спорт түрі шыққалы боксшылардың басым көпшілігі ет жегені айтылды.
"Мен бірнеше апта тырыстым, бірақ, бәрін бір сәтте өзгерту қиын. Сондықтан қазір өмір бойы тамақтанып келген мәзіріме көштім. Өзімді жақсы сезінемін, барымды салып жаттығып, жекпе-жекке сеніммен шығамын", - дейді мексикалық.
Еске салайық, Альварестің қанынан допинг анықталған кезде, ол ешқандай тыйым салынған препарат қолданбағанын айтқан. Ал кленбутерол Мексикада мал шаруашылығында көптеп қолданатындықтан, жеген етпен бірге ағзасына түскен болуы мүмкін деп ақталған еді.