Бокс
25 маусым 2022 11:27

"Канело" Головкинге қатысты мәлімдеме жасады

© DAZN

Мекскикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) қарсы өтетін үшінші кездесуінің алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл сөздер Лос Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында айтылған.

"Бұл жекпе-жек мен үшін жеке бастың ісі. Головкин "Оған қаратып ештеңе деген жоқпын, БАҚ-та ештеңе айтып жүрген жоқпын" деп айтады. Бірақ ол мен туралы көп нәрсе айтып жүр. Бұны өздеріңіз де білесіздер. Мен енді рингке шығатын сәтті асыға күтіп жүрмін. Головкин - екі жүзді адам. Бастапқыда ол өзін жақсы етіп көрсеткенімен, мен туралы талай дүние айтып жүр. Еркек бол және сөзіңе ие бол!" - деді "Канело".  

Естеріңізге сала кетейік, олар 2018 жылдан бері бірінші рет бетпе-бет келді. 

Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуі 17 қыркүйек күні екінші орта салмақ шегінде өтеді. Кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Moblie Arena кешенінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport