"Канело" Головкинді мойындады
Мексиканың ең танымал былғары қолғап шеберлерінің бірі Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өтетін үшінші айқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Үшінші айқас алдында Нью-Йоркте арнайы баспасөз мәслихаты өтті.
"Ол мықты жауынгер. Өте қауіпті қарсылас. Оған күмән жоқ. Мұндай кездесуде жетістікке жету үшін мен сияқты көп еңбектену қажет. Тәуекелге бару керек. Әрине. Головкинді нокаутқа түсіргім келеді. Қазір нағыз бабымдамын. Бұрынғыға қарағанда тәжірибе жинақтадым. Жекпе-жектің толық 12 раунд болғанын қаламаймын. Оған қарсы үш айқастың ең мықтысы осы болу керек", - дейді Альаврес.
Қос алып арасындағы трилогия АҚШ жеріндегі Лас-Вегас қаласында қыркүйек айының 17-жұлдызы өтеді деп жоспарланған.
Жарнама