Бокс
25 маусым 2022 17:49

"Канело" Головкинді жоқ етуге сөз берді

© twitter.com/GGGBoxing

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирннің айтуынша, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) алдағы трилогия Генадий Головкин (42-1-1, 37 КО) үшін карьерасындағы соңғы айқас болады депті. Бұл туралы Fightnews.info мәлімдеді.

"Олар ұзақ уақыттан бері араздасып келеді. Екінші кездесуден кейінгі Головкиннің жеңіліске деген реакциясы бар, айтылған сөздерден кейін "Канело" үшінші айқас өткізуге қарсы болып жүрді. Араздасу жекпе-жектің өтпей қалуына әкелетін үлкен себептердің бірі. 

Ал дәл қазір біз жеңіске жетем деген Головкинді және оны зейнетке шығарамын деп жүрген Альваресті көріп жүрміз. Иә, "Канело": "Мен оның мансабын осы кездесуде аяқтағым келеді. 17 қыркүйекте оны жоқ етемін" деді. Жақын арада бұл сөздерді өздеріңіз де естіп қаларсыздар. Бұл кездесудің артында үлкен тарих жатыр. Екі керемет кездесу, 24 ғажап раунд. 17 қыркүйекте 25 раундқа куә боламыз", - деді Эдди Хирн.

Естеріңізге сала кетейік,  маусым айының 24-нен 25-не қараған күні Лос-Анджелесте екі боксшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Олар шара барысында көз арбасты. 

Қоса кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena кешенінде 17 қыркүйекте өтеді. Боксшылардың осының алдындағы екі кездесуі де осы кешенде өткен еді. Бірінші айқаста нәтиже тең болып, екіншісінде төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport