Бокс
19 қыркүйек 2018 08:06
 
"Канело" Головкинді жеңгеннен кейін иеленген чемпиондық белбеуден айырылды

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкинді жеңгеннен кейін иеленген чемпиондық белбеуден айырылды © HBO Boxing

Орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) Халықаралық бокс ұйымы (IBO) белбеуінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

15 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен соңғы жекпе-жегінде Альварес төрешілер шешімімен қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңген болатын. GGG үшін бұл карьерасынағы алғашқы жеңіліс болып, ол WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған еді. 

HBO сарапшысы Голвкинді жақтап, төрешілерге сын айтты

Кейін Головкинмен жұдырықтасар алдында Альварес IBO ұйымына санкциялық салым төлемегені анықталды. Осылайша, бұл ұйымның белбеуі иесіз қалды. 

IBO белбеуін Головкин 2011 жылы Германияның Киль қаласында америкалық Лахуан Саймонды (23-5-2, 12 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіп алған болатын. Қазақстандық бұл белбеуін 17 рет сәтті қорғаған.

IBO негізгі нұсқалар арасында беделі төмендеу саналады. Мәселен, абсолют чемпион атану үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF белбеулері жеткілікті.

"Канелодан" жеңілгеннен кейін Головкин P4P патшасы атағынан айырылды

IBO 1988 жылы құрылып, кәсіби бокста маңыздылық жағынан бесінші болып саналады. Қазір бұл ұйымның белбеуі атақты боксшылардан Энтони Джошуада (21-0, 20 КО) бар, аса ауыр салмақта жұдырықтасатын британиялық WBA (Super), WBO және IBF белбеулеріне де ие.

Жарнама

Живи спортом!